Бас бетқе Тәжірибелік-өндірістік алаң

Тәжірибелік-өндірістік алаң

Тәжірибелік өндірістік алаң еліміз бен аумағымыздың басым бағыттарына арналған бұйымдар мен құрылғылардың кіші өндірісін өңалту, тәжірибелік үлгілерді алу, инновациялық технологияларды сынау, зерттеу нәтижелерін апробациялауға материалдық-техникалық, кадрлық және ғылыми база жасаумен айналысады. Алаңның құрылғылық паркі кескіш, жонғыш, тескіш, фрезерлеу станоктарынан құралған. Содай-ақ пісіру аппараттарынан, құбырлық және муфельді пештер, қаттылықты өлшегіштерден, қалыпты жағдайда үлгінің механикалық қасиеттерін жерттеу құрылғысынан, илектеу станы, ажарлау станогы, гидравликалық пресс, консольды бекітілген үлгіні бұрауға және циклдық тұрақтылыққа механикалық зерттеу құрылғылары және т.б. бар.  3Д шөгу және тең бұрышты бұрыштық пресстеу әдістерімен көлемді наноқұрылымдарды алу, және жаңа қорытпаларды балқытып алу және олардың қасиеттерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Негізгі шешілетін міндеттер:

  • Технология циклның аяқталуын жүзеге асыру үшін бар құрылғыларды модернизациялау және жаңа құрылғылар әзірлеу;
  • Жобаларды жүзеге асыру үшін ПОҚ, докторанттарды, магистраннтарды және студенттерді дайындау және тарту;
  • Перспективті темір, мыс, алюминий және т.б. қортпалардан дайындамаларды әзірлеу технологияларын жобалау;
  • Қарқынды пластикалық деформациялау үшін жетілдірілген құрылғылар мен жабдықтарды жобалау және дайынлау;
  • Жоғары легірленген материалдар деңгейіне дейін қасиеттері жақсартылған көлемді наноқұрылымдарды қарқынды пластикалық деформациялау әдістерімен дайындамалар алу;
  • Пнефмо пішіндеу, пісіру және штамптау әдістерімен жартылау дайындалған өнімдерден бұйымдарды дайындау технологияларын әзірлеу;
  • Өздігінен таралатын жоғары температуралы синтез, плазмалық, пучекті және тозаңдау технологиялары арқылы қасиеттері алдын ала берілген материалдарды алу.