Бас бетқе Зертхана туралы

C.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымдық пайдаланылатын Ұлттық ғылыми зертханасы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің  2008 жылдың 11 тамызындағы №472 бұйрығының негізінде университетте «Ядролық технологиялар және қайта жаңартылатын энергетика технологиялары» Ұжымдық пайдаланылатын Ұлттық ғылыми зерттеу зертханасы ашылды. Зертхананың негізгі құрал-жабдықтарына арнайы уй-жайлары бар жеке ғимарат бөлініп, арнайы талаптарға сай жабдықталды. Жұмыс орындарының аттестациясы жүргізілді. (Жалпы ауданы 820 м2).

Зертхана мақсаты: іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту және ғалымдар мен мамандарды дайындау арқылы елдің индустриалдық-инновациялық даму мәселелерін іске асыруды ғылыми және кадрлық жағынан қамтамасыз ету.

Зертхана құрамына төмендегілер кіреді:

  • ЯМР-спектроскопия зертханасы;
  • Қолданбалы және радиациялық физика зертханасы;
  • Тәжірибелік-өнеркәсіптік алаң
  • Конструкторлық-жобалау бөлімі
  • Энергия үнемдеу және балама энергетика зертханасы

 

Зерттеулердің басым бағыттары:

Зертхананың зерттеу бағыттары ЖҒТК бекіткен, ҚР ғылымы дамуының басым бағыттарымен байланысты:

Өнім мен шікізатты терең өңдеу бағыты бойынша:

  • Өнеркәсіптік қалдықтар, мұнай-химия және табиғи қосылыстар химиясы;
  • Материалтану және наноқұрылымдауРадиациялы-термиялықтехнологиялар;
  • Қайта жаңартылатын энергетика;

Энергетика бағыты бойынша:

  • Машина жасау және станок жасау салаларында конструкцияларды жобалау
  • Жел энергетикасы (желкенді және қалақты желгенераторларын зерттеу және әзірлеу);
  • Сутегі энергетикасы(сутекті-ауалы отындық элементтердің серіппелі-электродты блоктарын әзірлеу);
  • Күн энергетикасы(күн энергетикасына жарамды кремнийді алудың технологиясын әзірлеу).