Бас бетқе ЯМР-спектроскопия зертханасы

ЯМР-спектроскопия зертханасы

Зертхана органикалық, биоорганикалық және кейбір металл қосылыстарының негізінде сұйық және қатты заттардың химиялық құрамын, құрылымын, кеңістіктегі құрылысын анықтауға арналған 4 датчикпен, жаңа бағдарламалық-техникалық құралдармен жасақталған Bruker (Германия) компаниясы шығарған заманауи Avance-III 500 ядролық-магниттік резонанстық спектрометрімен жабдықталған және аттестаталған. ЯМР-спектрометр метрологиялық сертификаттаудан өткізілген

ЯМР-спектрометрінің мүмкіндікері:

  • көп компонентті жуйелерді және дара қосылыстарды сандық және сапалық талдау;
  • заттың нақты химиялық құрылымын анықтау;
  • химиялық қосылыстардың тазалығын анықтау және ұқсастығын дәлелдеу;
  • молекулалардың үш өлшемді стереохомиялық құрылымын анықтау;
  • динамикалық үрдістерді зерттеу (химиялық алмасу);
  • толық ЯМР-талдау, COSY, HSQC, HMBC, 13CDEPTжәне т.б. екі өлшемді әдістемелерді қоса

Қолданылу саласы:

Химия

  • Күрделі қосылыстардың құрылымын анықтау
  • Қоспалардың құрамын анықтау
  • Үлгі құрамын бұзатын әсерінің жоқтығы және т.б. екі өлшемді әдістемелерді қоса

Полимерлер өндірісі

  • Полимерлік тізбектердің құрылымын саралау
  • Үлестірім және жүйелілік бірізділігін саралау
  • Кинетикалық және термодинамикалық саралау

Фармацевтикалық химия

  • Дәрілік дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау
  • Биологиялық сұйықтықтар мен ұлпалардың химиялық құрамын айқындау
  • Дәрілік дәрі-дәрмектердің клиникалық жағдайға дейін зерттеу жүргізу

Тамақ өнеркәсібі

  • Майдың, ылғалдылықтың, көміртегінің, ақуыздың мөлшерін анықтау
  • (Шарап, шырын, спирт, сыра) сапасын бақылау
  • Қоспалардың құрылымын анықтау
  • Тамақ қоспаларына сандық анализ жүргізу

Мұнай химиясы

  • Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы
  • Мұнай өнімдерінің техникалық қасиетін болжау
  • Жанармай және майлайтын материалдарға сапалық және сандық анализ жасаужүргізу

ЯМР-спектроскопия зертханасы жүргізетін қызметтер тізімі:

  • Көп компонентті жуйелерді және дара қосылыстардың химиялық құрылымын ЯМР спектроскопия әдісімен идентификациялау;
  • Мүмкін болатын барлық ядролардың ЯМР спектрлерін түсіру;
  • ЯМР спектроскопиясының көп өлшемді динамикалық үрдістерін зерттеу

 

ЯМР-спектроскопия зертханасы ЯМР-спектроскопия әдісі көмегімен анализ жүргізу мәселелеріне қатысты сұрақтарыңызды қарастыруға дайын!

 

Байланыс: Өскемен қ., Амурская 18/1 к., тел. 8(7232) 21-42-95, 8(7232) 78-52-43 E-mail: nmr-spectroscopy@mail.ru, http://fizlab.vkgu.kz