Бас бетқе Қолданбалы және радиациялық физика зертханасы

Қолданбалы және радиациялық физика зертханасы

 Зертхана конденцияланған күй физикасы және радиациялық материалтану бөлімдері бойынша зерттеу жұмыстарын атқарады. Зертхана паркінде төменгі қондырғы-құрылғылар жиналған: оптикалық және электрондық микроскоптар, рентгендік дифрактометр, жоғары температурадағы біржақтыосьтік созылу қондырғысы, вакуумдік әмбебап пост, дәнекерлегiш аппараттар мен пештер және т.б.

Негізгі қарастырылатын мәселелер:

Электронды микроскопиялық және оптикалық анализ талдау көмегімен материалдардың құрылысын анықтау, рентгенқұрылымдық анализ арқылы материалдардың фазалық құрамын анықтау, элементке вакуумдік тозаңдату,  металл беттеріне және қоспаларға иондық тазарту,  материалдарға механикалық  сынақ өткізу және физикалық қасиеттерін зерттеу, дәнекерлеуіш қосылулар алу және олардың сапасын  бақылау, материалдарды термиялық және механикалық өңдеу.

Ғылыми жобаларды зерттеу бағыттары:

  • металл беттеріндегі жабындыларды алу және олардың қалындығын микроскопиялық әдістер бойынша зерттеу.
  • өнеркәсiптiк қоспалардың бөлшектердің  иілгіштік режиміндегіөңдеу технологиясын жасау.
  • тот баспайтын қоспалар өңдеу технологиясын жасау және соңғы өнімнің жоғары техногиялық және эксплауатациялық қасиеттерімен алу.
  • болаттың және түрлі қоспалардың құрылымын және құрамын зерттеу, олардан қолданыста қажет түйiндер және энергоқондырғы агрегаттар жасау.
  • ферромагниттік жартылайөткізгіштері электроникада және информатикада қолданыс табатын құрылымдарды алу.
  • көлемді наноқұрылымдану және ресурстарды сақтау технологиясының иілгіштік режимінде пішінін штампілеу сияқты облыстарындағы негізгі жетістіктерді комплексті қолдану, материалдарды өндіріске енгізу.

Қолданбалы және радиациялық физика зертханасы материалдардың қасиеттері мен құрылымдық-фазалық күйін зерттеуге мүмкіндік беретін рентгендік дифрактометрлермен, электрондық және оптикалық микросокоптармен, вакуумдық постымен және басқа технологиялық құралдармен жабдықталған.

 Neophot–21 оптикалық микроскобы материалдардың құрылымдық элементтеріне сандық баға беруге және материалдардың сапасын металлографиялық талдауға мүмкіндікнегізгі құралы болып есептеледі.

 ВУП-5 әмбебап вакуумдық посты доғалық тозаңдау әдісі арқылы әр-түрлі материалдардан (маталлдардан, қорытпалардан және жартылай өткізгіштерден) пленкалар алуға арналған.

ДРОН типті рентген дифрактометрлары  поликристалдық материалдардың фазалық құрамы мен кристалдық құрылымын зерттеуде қолданылады. Құралды қолдану бағыттары: жаңа кристалдық материалдарды әзірлеу, олардың тазалық дәрежесі мен құрылымдық сипаттамаларын зерттеу.

1246 Р әмбебап машинасы – инертты газдар ортасында және жоғары вакуумда материалдарды белсенді созуға, жайылмалдылыққа және ұзақ беріктікке  23000C температурасына дейін жоғары температуралық сынауларды жүргізуге арналған.

 ЭМ-125К жарық өткізгіш электрондық микроскобы жоғары айырымды құрылымдық әдістерді қолдана отырып зерттелетін материалдардың фазалық құрамы, морфологиясы және кристалдық ерекшеліктері туралы ақиқат ақпарат алуға мүмкіндік береді.

 Металлдарды, шыныны, қорытпаларды, минералдар мен керамиканы сынауға арналған твердомерлер мен микротвердомерлер