Бас бетқе Энергия үнемдеу және балама энергетика зертханасы

Энергия үнемдеу және балама энергетика зертханасы

Ұлттық зертханада энергия үнемдеу және балама энергетика зертханасы ашылды. Сутегі энергетикасы, күн және жел (тәжірибелік үлгідегі жел генераторы әзірленіп қолданысқа енгізілді) энергетикасы бойынша жобалар әзірленуде.  

Зертхана бөлмесінде энергияны пайдалануды оңтайландыру мақсатымен, қайта жаңартылатын энергия көзі ретінде күн батареясы қолданылады. Қуаттылығы 50 Вт және кернеуі 22 В болатын фотоэлектрлі комплекс жинақталды.

 

Қуаттылығы 5,5 кВт, айналу осі горизонтал орналасқан, үш фазалы орындалған тәжірибелік желкенді жел генераторы әзірленіп қолданысқа енгізілді. Тәжірибелік үлгі ШҚМУдың «Сібе» оқу-ғылыми-өндірістік базасында орнатылды. Желкенді жел генераторын әзірлеу, желкенді дөңгелектің жел бағытына тез бейімделуіне байланысты таңдалды, бұл жел генераторын әр-түрлі жылдамдықтарда қолдануға мүмкіндік береді. Желкендер дөңгелектердің доғасына жықын, 30° бұрыш жасап орналасқандықтан,  әлсіз жел кезінде де электрогенератордың өсіне байқалатындай қуат береді, ал қалақшалы генераторларда керісінше болғандықтан, олар әлсіз желдерден энергия өндіре алмайды. 

 

Сондай-ақ, зертханада отындық ұяшықтар негізінде көмірсутектік шикізаттың химиялық энергиясын электр энергиясына түрлендірудің эффективті технологиялары зерттелуде. Өршіткіштер отырғызылған көміртектік көп қабатты пластиналар негізінде отындық элементтердің серіппелі-электродты блогына эффективті материал әзірленді. Алынған оңтайлы геометриялы көміртектік наноқұрылымданған электродтар 2 қабатты Ni және Co өршіткіштерінен тұрады.  Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Ni және Co сутегіні сорбциялайтындығы және кейінен оны электр энергиясына түрлендіру электрохимиялық реакциясына түсетіндігі анықталды, сонымен катар жоғарыда айтылған өршіткіштерді қолдану отындық-электродты блоктың құнын арзандатады. 

Плазмалы-доғалы әдіспен күн энергетикасына жарамды крмений алудың технологиясы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жоба негізінде «KazSilicon» металлургиялық комбинатымен Қазақстандың кен орнынан күн энергетикасын жарамды үлгілерді әкелуге келісім-жасалды.