Бас бетқе Зертхана зерттеулері және әзірлемелері

Зертхана зерттеулері мен әзірлемелері

ЯМР-спектроскопия зертханасының жеткен жетістіктері

 

1.      ЯМР-спектроскопия зертханасы базасы негізінде екі мемлекеттік-бюджеттік ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі

-     «Полихлорбифенилді тотықсыздандыру арқылы дехлорлауға арналған гельге иммобилднген және полимерге кіріктірілген металл нанобөлшктері негізінде жаңа каталитикалық жүйе әзірлеу». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. Кабдрахманова С.К. Жүзеге асырылу уақыты 2013-2015 жж.

-     «Шығу тегі әртүрлі суда ерігіш полимерлер көмегімен тұқым қаптағыш полимерлік композиттер әзірлеу». Жобаның жетекшісі химия магистрі Шаймардан Е.Жүзеге асырылу уақыты 2015-2017 жж.

2.      «Ағынды суларды ауыр металл иондарынан тазалау үшін композициялық полимерлік сорбенттерді құрастыру» атты зертхана жобасы Мини ЭКСПО 2014 - «Болашақ энергиясы» атты ШҚО Әкімдігінің байқауына ұсынылып, нәтижесінде іріктеліп алынды.  Жобаның жетекшісі – химия магистрі Шаймардан Е.

3.      ЯМР-спектроскопия зертханасының қызметкерлері әртүрлі халықаралық конференциялардың, семинарлардың және симпозиумдордың тұрақты қатысушылары болып табылады.

4.      Өскемен қаласының қоршаған орта объектілерінде (ПХБ) полихлор бифенилдерді бағалау және анықтау бойынша тұрақты органикалық ластағыштардың экология-талдаулық бақылау туралы Стокгольм конвенциясы концепциясын орындау бойынша жұмыстар жүргізілді. Металдың полимерге кіріктірілген және гидрогель-иммобилизирленген нанобөлшектерін ТОЛ, оның ішінде ПХБ қалпына келтіріп дехлорлау жүргізу үшін синтездеу әдістері өңделді.

5.      Этилендиаминтетра сірке қышқылы (ЭДТА) комплексондары мен [ЭДТА]:[La3+, Ce3+, Pr3+, Nd3+] комплексті молекулаларымен Акриламид (ААМ) және Акрил қышқылын (АҚ) радикалды полимеризация әдісімен молекулалық-импринтирленген үлгісі алынды. Алынған сорбенттердің судағы, органикалық еріткіштер мен тұз еріткіштеріндегі ісіну кинетикасын зерттелді. ААМ-АК/ЭДТА құрамды полимер сорбентіндегі La3+, Ce3+, Pr3+, Nd3+ иондарының сорбциясы жүргізіліп, полимер сорбенттернің ИҚ-спектрлері алынды.

6.      Бейорганикалық және органикалық тасымалдағыштарға еңгізілген (ПВПД, ПЭИ) функционалды полимерлермен комбинацияланған (Pd, Fe, Cu, Co, Ni, Ag) өтімді металлдардың моно- және биметалдық синтездеу әдісі жасалды. Акриламид және акрил қышқылынан гидрогель көлеміне металлдаың полимерге кіріктірілген моно- және биметалл нанобөлшектерін қаптау әдісі құрастырылды. Полимерге кіріктірілген және гидрогель-иммобилденген металлдардың нанобөлшектерін синтездеу үрдісіне алынған нанобөлшектердің өлшемдері мен құрамына әсер ететін негізгі параметрлер анықталды. Қоспалы тасымалдағыштардың құрамы мен табиғатының физико-химиялық қасиеттеріне әсері, мономерлер қатынасы, рН ортасы және т.б. анықталды. Полимерге кіріктірілген және гидрогель-иммобилденген  металлдардың нанобөлшектерінің морфологиясы, кинетикасы мен құрылымы физико-химиялық әдістермен анықталды. Алынған каталитикалық жүйеде этил спирті мен сутегі пероксидінің ыдырау реакциясы жүруі кезінде каталитикалық белсенділігін анықтау бойынша жұмыс жасалды. Катализдің оңтайлы температурасы анықталды.

7.      ЯМР-спектроскопиялық әдіс көмегімен фармацевтикалық заттарды анықтау мен сапасын бақылау әдістемесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Avance-III 500 ЯМР-спектрометрінде инъекция үшін МЕГАСЕФ-750 және пероральді қолдануға МЕГАСЕФ-500 – цефуроксим препараты (CEFUROXIME SODIUM CRS 3) стандартты үлгісінің 1H және 13C, 13 Cdept 155, сонымен қатар COSY, HMBE, USQC ЯМР-спектрі алынды. Цефурокусимнің үлгілік ерітіндісінің концентрациясы арқылы оның сандық сипаттамасы үшін ЯМР сигналының (жұтылу немесе басқа ) аналитикалық градуирлік тәуелділігі анықталды және мәліметтерге статистикалық өңдеу жасалды. ЯМР-спектроскопия әдісінің дәлділігі 1,2 % құрады. Осы әдіспен бірге йодометрлік титрлеу әдісімен цефуроксим үлгісін зерттеу талдауы жүргізілді.

Қатты полимер электролитті мембраналы отындық элементтің электрондық блогын жасау үшін қалыпқа келтіруші полимердің қатысуымен бейорганикалық және көмір тасымалдағыштарында металлдардың моно- және биметалдық нанобөлшегін алу әдістері өңделді. 

ЗЕРТХАНАНЫҢ ЖЕТIСТIКТЕРІ.

Өндiрiске енгiзу үшiн 30-дан  астам құрылым және технологиялар жасалынған. Бейімделгіш жетекке ҚР 4 инновациялық патенттері, қоспалардың технологиялық иiлгiштiктi жоғарлату және серпімді- сезімтал элементтердің  өңдеу тәсiлдерi, конвейерлiк лентаны тазарту құрылғысы алынған.  Сондай –ақ материалдарды электролитті плазмалы өңдеу екі инновациялыө патент алынды.

«ННТХ «Парасат (Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг)»» АҚ акционерлік қоғамымен  бірлесе отырып, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ инновациялық гранттары ұтып алынды, металлургия саласы бойынша 2 жоба жүзеге асты,ҚР Білім жане ғылым министрлігінің қаржыландыруымен 12 жобалар жүзеге асырылуда, концепцияны негіздеуді қаржыландыру бойынша зертхананың 8 жобасы жасалуда.   «ErasmusMundus» Британдық және Американдық Кеңес бағдарламалары бойынша халықаралық гранттар жеңіп алынып, жүзеге асырылуда. 9 шаруашылық келiсiм жұмыстар атқарылды, 105 ғылыми еңбек, LAPLAMBERT (Германия)баспасынан екі монография жарыққа шығып, импакт факторы ноль емес шетелдік журналдардан бес мақала жарыққа шықты.

1.                  Ғылыми-зерттеу жұмысының қаржыландыруы:

 

 

2.                  Жарияланымдар (жылдар бойынша): 

 

 

2009

2010

2011

2012

2013

Отандық журналдағы мақалалар:

20

17

25

15

34

Шетел журналындағы мақалалар, нөлдік емес импакт факторымен

8/1

10/2

22/7

10/3

28/5

Монографиялар

-

-

2

1

3

Оқулықтар

-

-

-

1

-

Патенттер

-

-

3

5

8

Алдын ала патенттер

-

1

-

-

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.                  Зертхананың базасында ғылыми кадрлардың даярлығы:

Зертхананың базасында:PhD,  5 кандидаттық, 21 магистрлік диссертациялар және 47 дипломдық жоба аткарылып , ойдағыдай коргалган. 2012 жылы 6 PhD докторанттар зерттеу жумыстарын жүзеге асырды,  Назарбаев Зияткерлiк мектебінiң 5 оқушылары  және орта бiлiм орташа мектептерiнiң  4 окушылары  өз зерттеулерiн орындауда. Оның ішінде 5 оқушы Ресей, Греция және Қазақстанда өткен халықаралық байқауларынан бірінші және жүлделі орындарды жеңіп алды.2012 жылда 250 студенттер және жас ғалымдардың өтiнiштерi бойынша көптеген зерттеу жұмыстар атқарылды.

 

4.                  Біліктілікті жоғарлату:

 

 

2009

2010

2011

2012

2013

Зертхананың базасында ПОҚ-ң мерзiмді стажировкалары,мамандықтың жоғарлатуы

41

55

94

45

57

Зертхана қызметкерлерінің мерзiмді стажировкалары,мамандықтың жоғарлатуы (отандық./шетелдік)
- (барлық қызметкер санының пайызы)

 

6\6

Москва, Дубна (Россия), Люблин (Польша),
Сингапур,

 

7\5

 Минск (Беларусь),
Россия-2, Манчестер (Англия),
Вроцлав (Польша)

24\4

 Лондон (Англия),
США,  Вена (Австрия) Россия

3\3

Индия,
Польша,
Россия

5\4

 

Кыргызстан, Польша,
Россия